Новости

Солтүстік Қазақстанда малазықтық дақылдарды жерсіндіру

Работа добавлена:






Солтүстік Қазақстанда малазықтық дақылдарды жерсіндіру на http://mirrorref.ru

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

С.Садуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институты

«БЕКІТІЛДІ»

ОӘК шешімімен

Торағасы

_________ Бекимова Г.Б.

қолы

«____» _________ 2014ж.

Кафедра  «Өсімдік шаруашылығы жәнетопырақтану»

АужановаМ.А.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Зертханалық-сараман сабақтарға арналған

Пәні«Солтүстік Қазақстанда малазықтық дақылдарды жерсіндіру»

5В080100 Агрономия

мамандығының студенттеріне арналған

Оқу түрі:  күндізгі

Көкшетау 2015 ж.

Студенттер үшін әдістемелік нұсқаулар аға оқытушы Аужанова М.А.

-5В080100 Агрономия

мамандығы бойынша Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәнінің оқу жұмыс жоспары мен бағдарламасына сәйкес құрылды және зертханалық-сараман жұмыс жасау үшін барлық мәліметтер енгізілген

«Өсімдік шаруашылығы және топырақтану» кафедрасы отырысында қарастырылған

Хаттама №  1 « 29 » тамыз 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі Мемешов С.Қ.____________________________

                                                                       (қолы)

С.Садуақасов атындағы аграрлы-экономикалық институтының оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

Хаттама № 1 «03» қыркүйек 2014 ж.

Институт ОӘК төрағасы: Бекимова Г.Б.              ___________________________

  (қолы)

Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Курс мақсаты -

Курстың міндеті: Курстың саясаты мен жүру барысы

Зертханалық-сараман сабақ№1

Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері.

Мақсаты:Тапсырма:

Әдістемелік нұсқаулар:

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

ОӘК  шешімімен

Төраға

___________ Булашева А.И.

(қолы)             (аты-жөні, тегі)

«_____» __ 2013 ж.

«Өсімдіқ шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»кафедрасы

АужановаМ.А.

5В080100 Агрономия мамандығының студенттері үшін

(мамандық шифры, атауы)

мамандығының студенттері үшін

«Солтүстік Қазақстанда малазықтық дақылдарды жерсіндіру»

(пәннің атауы)

пәні бойынша тәжірибеліқ жұмыстарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Оқу нысаны:күндізгі

Көкшетау

Әдістемелік нұсқаулар «Солтүстік Қазақстанда малазықтық дақылдарды жерсіндіру»пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс зертханалық жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті   мәліметтерді қамтиды.

«Өсімдіқ шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»кафедрасының отырысында

Хаттама № « 3 »09   2013  ж. қарастырылған.

Кафедрасының меңгерушісі ,а/ш.ғ.к.                             Мемешов С.К.

Институт  оқу-әдістемелік кеңесі (ОӘК)

Хаттама №1 «4 » 09   2013 ж.

Қаралып ұсынылды.

Институт ОӘК төрағасы  аға оқытушы____________Булашева А.И.

Мазмұны

1

Зертханалық-сараман сабақ№1

Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері.

ТапсырмаШай жүгері

Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктің құрлыс ерекшеліктерімен танысу.

Негізгі түрлерінің шашақбастарының (гүлшоғыры) құрлысының суретін салу.

Шай жүгерінің жіктеуін оқып-үйрену және сипаттама беру.

Шай жүгерінің маңызды сорттары мен будандарына шаруашылық си-паттама беру.

Топырақ -климат жағдайына байланысты шай жүгеріні астыққа жэне сүрлемге өсіру технологиясын дайындау.

Өзіндік тексеру сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Жадығаттар мен жабдықтар:

  1. Шай жүгерінің тамыр жүйесі, жапырақтары жэне гүл шоғырлары, толық жетілеген өсімдік
  2. Шай жүтерінің гербарий жэне тұқымы
  3. Шай жүгерінң эр түрлі масақ басы
  4. Ауылшаруашылық егістік дақылдары альбомы

9 кесте Шай жүгерінің пайдалануға   жіберілген   сорттарының

Белгілер

Сорттар

1. Түр тармағы

2. Шашақбас түрі

3. Шашакбастың ұзыңдығы

4. Дэннің кауыздылығы

5. 1000 дэн массасы, г

6. Дэннің түсі

7. Тез піскіштігі

8 Өсу-даму мерзімі, тэулік

9. Жапырылуға төзімділігі

10. Құрғақшылыққа төзімділігі

11. Пайдалануы (өсіру мақсаты)

12.  Кең тараған  аудаңдар,   пайдалануға  жіберілген облыстар

Түсініктеме.

  1. Тапсырманы орындағанда «Мал азығын өндіру практикумы» оқу құралдарын жэне жоғарыда ұсынған басқа әдебиеттерді пайдалану керек.
  2. Негізгі түр тармақтарын дәптерлеріңізге кесте ретінде толтырыңыз, суреттерін салыңыз.
  3. Пайдалануға жіберілген сорттар сипаттамасын кесте ретінде келтіріңіз.

Морфологиялық ерекшеліктері. Сорго Sorgum туысына жатады, оның құрамына 30-дан аса түрлер кіреді, олардың ішінде біржылдық және көпжылдықтар болады. Маңызды төрт түрі бар: кәдімгі сорго, джугара, гаолян, судан шөбі, жабайы түрі құмайда бар. Шаруашылықта пайдалануына байланысты сорго 4 топқа бөлінеді: астықты, қанттық, шөптесін және сыпыртқы. Астықты сорго астыққа және аздап мал азығына өсіріледі, қанттық оның сабағында 20% дейін қант болатындықтан сүрлемге, көкбалаусаға пайдаланылады.

Соргоның тамыржүйесі 2,5-3,0 м тереңдікке бойлайды, бұл жағынан жүгеріге уқсас, 3-4-ші жапырақтар түзілгөнде екінші (түйін) тамырлар пайда бола бастайды да, өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Соргоның шашақтану кезеңінде сүйеніш (ауа тамырлары, сүйеніш функциясынан басқа өсімдіктерді су және қоректік заттармен қамтамасыз етеді) тамырлары пайда болады. Егін кектегеннен кейін 30-40 күннен соң өсімдіктер қарқынды турде тамыр жүйесін дамытады, тамырлардың сөткесіне артуы 2-3 см-ге жетеді, бұл кезеңде жер бетіндегі өсімдіктің массасы баяу дамиды. Суармалы жағдайда сорго 8-ден 25-ке дейін түйін аралығын түзеді де 2,5-6 м биіктікке жетеді. Ерте пісетін сорттары-5-10 түйін аралығың орташа пісетіндері 11-15, көш пісетіндері -16-25 және одан да жоғары түйін аралығын қалыптастырады. Сабақтарда бөгдө бұталар пайда болуы да мүмкін Жапырақтар саны ерте пісетін сорттарда 10-ға дейің орташа мерзімде пісетіндерінде 10-15, кеш пісетіндерінде 16-25 болады.

Соргоның гүлшоғыры-сіпсебас. 1000 дәннің массасы 20-45 г. Сорго түптенуге қабілетті және түріне, сортына, өсіру жағдайларына байланысты оның шамасы 1,5-6,0 дейін жетеді.

Ботаникалық сипаттамасы

Ежелгі және жер шарында кең таралған дақыл ретінде – құмайдың көптеген экологиялық-географиялық және сорттық  түрлері бар: Holcus Sorghum, H.saccarutus және H.bicolor.

Қазіргі кезде ботаниктермен құмай өсімдіктерінің субтропикалықтан бастап қоңыржай белдеуге дейін өсірілетін 63 түрі сипатталған: 33 дақылдық және 30 жабайы бір жылдық және көп жылдық түрлері. Sorghum түрінің жүйеленуі соңғы 60 жылда бірнеше рет қайта қаралған және қазіргі күнге дейін соңғы нұсқасы жоқ.

Бал құмайдың келесі түрлерін бөледі:

  1. Гвинейлік;
  2. Кафрлық;
  3. Негритяндық;
  4. Нандық, түр тармақтары:

а) кәдімгі гаолян;

б) балауыз тектес гаолян;

5. Бал, түр тармақтары:

а) тармақты;

б) жиырылған;

6. шашақты, түр тармақтары:

а) шығыс-еуразиялық;

б) батыс-еуразиялық;

7. Судан шөбі;

8. жомарт құмай.

Бал құмай – биік өсетін өсімдік, Солтүстік Қазақстан жағдайында ол 2,5 ... 3,0 м-ге жетеді. Ол жақсы сүрлемдік дақылдарға жатады, өте жақсы желінеді және қортылады.

Құмай тұқымдары бір ұрық тамыршасынан өскінденеді. Келесі кезеңдерде құмай өсімдіктері топыраққа 2,5 м-ге дейін тереңдейтін, шашақты типтегі қуатты тамыр жүйесін түзеді. Тамыр мойынынан жоғары сабақтың төменгі түйіндерінен ұзындығы 6 ... 10см ашық жасыл түсті  ауа немесе қосымша (тірек) тамырлары шығады. Олар арқылы да қоректену жүреді.

Сабақ түзу, тегіс. Бал сорттарында сабақтың ортасы шырынды, түрлі дәрежедегі қантты. Қант негізінен сабақтың ортаңғы немесе төменгі буынаралықтарында орналасады.

Сабақтың төменгі табанынан бастап концентрация 17 ... 20%-ды құраған, ал жоғарғы бөлігінде (шашақгүл аяғында) – 24 ... 28%. Зерттелетін сорттардағы қанттар мен сахарозаның қосындысының ең төменгі концентрациясы төменгі буынаралықта (қанттар қосындысы бойынша – 10,8 ... 13,1%; сахароза бойынша – 2,5 ... 4,8%) байқалған, ал сабақтың ортасына қарай олардың мөлшерінің артуы байқалған. Қанттан қосындысының максималды концентрациясы ортаңғы (жоғарыдан 3-ші және 4-ші) буынаралықтарда көрсетілген. Ал оның ең үлкен мөлшері сабақта дәннің балауызданып пісу кезеңінде болады.

Сабақтың буынаралықтарының саны 5-25 аралығында өзгереді, әр сортта бұл сан салыстырмалы түрде тұрақты: ерте пісетіндерде 5-10; орташа пісетіндерде 11-15; кеш пісетіндерде 16-25. бал құмайдың өнімді түптілігі 2-ден 5 ... 8-ге дейін.

Жапырақтар балауыз қабығымен жабылған, олардың саны сорттық ерекшелігіне байланысты және ерте пісуіне қарай 10-нан 25-ке дейін өзгереді. Басқа астық тұқымдастарға қарағанда бал құмай жапырақтарының үштен екісі толық піскенше жасыл түсін сақтайды, бұл оның биожиынтығының жоғары қоректілігінің белгісі.

Гүл шоғы – тармақталған шашақгүл. Тік тұратын, жатық және майысқан шашақгүлді сорттарын айырады.

Құмайда өздігінен тозаңдану басым, айқас тозаңдану 25 ... 50%-ға жетеді. Бал құмайдың жемісі – түрлі формадағы дәнек. Жалаңаш және қабықты дәнектері бар сорттары болады. Ақ, қара және қызғылт түске боялған дәнектері бар сорттарын айырады. Боялған дәнектерде дәнекті өсу кезінде зеңденуден сақтайтын глюкозид танин болады. 1000 дәннің массасы – 24 ... 45 г және одан артық.

Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары

Қазақстанның солтүстік облыстарында өндіріске қолдануға жіберілген бал құмайдың будандарын жасаудың осы аймаққа тән ерекшеліктері бар. Оларды тұқымдарын қысқа жаз жағдайында алу мүмкін болмайтын, тектік формалар құрамына кіретін, орташа және кеш пісетін топтар негізінде республиканың оңтүстігінде жасайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда олардың ішінен зерттеліп, ғылыми-негізделген модель бойынша ең перспективалылары салыстырмалы бағаланып, таңдалады.

Бал құмайдың және басқа сүрлемдік дақылдардың түрлі сорттары мен будандарына жасалған экологиялық сынақтардың нәтижесінде (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 1998) 1990-1997 жылдары келесі мәліметтер белгілі болды:

1 - кесте

Бал құмай және құмай-судандық будандардың 1990-1994 жылдардағы

өнімділігі (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 2003)

Сорт, будан

өнімділік, ц/га

Көк балауса

Абсолютті құрғақ зат

ц/га

%

Цунами 85 (St)

352

60,0

17,0

Ставропольдік 36

412

90,9

22,0

Камышиндік 8

413

92,8

22,4

Қаскелеңдік 1

494

96,0

19,4

Қазақстандық 16

300

35,1

11,7

Қазақстандық 1

468

52,4

11,1

Алматылық 81

340

59,7

17,5

Ұжымдық 10

477

73,1

15,5

НСР05

73,6

12,0

Цунами 76. Жүгері БҒЗИ (Днепропетровск қ., Украина) және шалғынды-жайылымдық Қазақ ҒЗИ-ның ортақ селекциясында дәндік құмайдың Аласа (низкорослое) 93 және Днепропетровтық 69 стерильді топтарын будандастыру нәтижесінде алынды. Гибрид биік өседі (3,5 ... 4,0 м). Жақсы жапырақтанған, сабағы –жасыл, 14-15 буынаралықтары бар. Сабақ шырынындағы қанттың мөлшері – 10-12%.

Шашақгүл –тік тұратын (26-30 см), қопсыған, құба-қоңыр түсті. Дәні дөңгелек, сары құба, қабықшалы, ақ эндоспермалы.

Орташа кеш пісетін. Алматы облысында аудандастырылған.

Алматы облысының Іле суармлы участогындағы сынақ жылдарында көк балаусасының өнімділігі стандартты Сүрлемдік 72 буданынан 59 ц/га артық болып, 1154 ц/га-ды құрады. Көкшетау АШҒЗИ-ң тәжірибелік алаңында 1990-1992 жылдары көк балаусаның өнімділігі 384 ц/га, құрғақ заттыкі – 68,8 ц/га болды. Стандартпен - Молдавиялық 257 СВ жүгері буданымен  салыстырғанда өнімділіктің артуы сәйкесінше 102,0 және 11,9 ц/га-ды құрады. Будан сүрлемдік конвейерді тұйықтаушы дақыл ретінде Солтүстік Қазақстан облысының аса құрғақ аудандарында (оңтүстік қара топырақтағы қуаңшылық және құрғақ далалық ауыл шаруашылық зоналары) егіп өсіруге перспективалы.

Ерте янтарь 161. 1962 жылдан бастап Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік облыстарында аудандастырылған. Жүгерінің ВҒЗИ-ң Синельковтық тәжірибелік станциясында жасалған. Биік өседі. Қолайлы жағдайларда 2,8 м-ге жетеді. Жапырақтануы мен түптілігі орташа. Сабақтарының шырынында 13-15% қант болады. Шашақгүл тіктелген, тармақтала-сығылған, ұзынша жұмыртқа типтес формада. Дәні – ұсақ, ашық қоңыр түсті, тез ұнтақталады, дәмі – ащы. Қабықшасыз 1000 дәннің салмағы – 16-20 кг. Дәннің жемшөптік сапасы жақсы. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 110-125 күн, сүрлемге жинауға дейін – 110-115 күн.

Сорт құрғақшылыққа төзімді. Қостанай облысының сорттық участоктарында көк балаусасының өнімділігі 247 ц/га (225 ... 270) және құрғақ затыныкі – 59,7 ц/га-ды (40,5 ... 78,9) құрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында сүрлемге аудандастырылған.

Кинельдік 3. Кинель селекциялық станциясында Ерте янтарь 161 сортынан жеке іріктеу арқылы алынған.

Орташа ұзындықтағы өсімдік. Қолайлы жағдайларда 2,5 м-ге жетеді, түптілігі мен жапырақтылығы – орташа. Жасушалық шырындағы қант мөлшері – 16,2%.

Көк балауса таза күйінде және басқа қиын сүрлемделетін дақылдармен қоспада сүрлемделеді. Көк балаусаның жемшөптік сапасы жақсы.

Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 95-105 күн.

Павлодар облысында сүрлемге аудандастырылған. Павлодар облысының оңтүстік зоналарының жағдайында дәнге піседі. Сынақ жылдарында көк балаусаның өнімділігі – 187 ц/га құрады.

Қазақстандық 16. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да құстар шоқымайтын сорттарды будандастыру нәтижесінде алынды.

Ұзын, 2,0-2,5 м биіктікке жетеді, құрғақшылыққа, суыққа  төзімді. Жоғары және төменгі температураларға икемді. Түптілігі мен жапырақтануы орташа. Сабақтарының шырынында 13,5-15,0%-ға дейін қант болады. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 115-125 күн.

Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егінінде өнімділігі 800-870 ц/га құрады. Павлодар облысында аудандастырылған. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарында егіп өсіру перспективалы.

Ұжымдық 10. судан шөбінің сорттық жеке түрі. Жоғары өнімді сорттарды жалпы іріктеу нәтижесінде жасалған. Қазақ егіншілік ҒЗИ-дасинтетикалық  селекция әдісімен үш байланыссыз формаларды будандастыру жолымен алынған.

Кеш пісетін форма. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Биік. Суарғанда өсімдік бойы 3,0-3,5 м-ге жетеді, өнімділігі 900-950 ц/га көк балауса. Қазақстанның солтүстік облыстарында сүрлемге егіп өсіруге перспективалы.

Алматылық 81.Құмай-судандық будан. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да алынған. Сүрлемге және көк шөпке егіп өсіруге арналады. Түптілігі жақсы – 5-10 сабақ, жақсы жапырақталады.

Орташа піседі. Өскіндер шығудан бастап, шаруашылықта көк шөпке пайдалануға дейінгі кезеңі – 55-60 күн, сүтті-балауызданып пісуге дейін – 100-115 күн. Жапырақтар саны – 9-10 дана.  Қазақстанның солтүстік облыстарында егіп өсіруге перспективалы.

Цунами 85. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да В.М.Макаров будандастыру әдісімен алған.

Орташа кеш піседі. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Суыққа төзімді. «Гүлдену-балауызданып пісу» кезеңіндегі жасушалық шырындағы қант мөлшері 17-18%. Суарғанда көк балауса өнімділігі екі оруда 1100-1200 ц/га-ға жетеді. «А.И.Бараев атындағы дән шаруашылығы» Көкшетау ҒПО-ң тәжірибелік егісінде 1993-1997 жылдардағы абсолютті құрғақ заттың өнімділігі 56,7 ц/га құрады. Сорт Қазақстанның оңтүстік облыстарында қолдануға жарамды.

Будандық тұқымдарды себуге көшу стандарттар ретінде әлемдік коллекцияның ең үздік биотүрлерін алу арқылы олардың жүйелі салыстырмалы бағасын  беріп отыру қажеттігін тудырды. Мұндай салыстыруларды, қолдану мақсатын (сүрлемге немесе көк балаусаға) және нақты ауыл шаруашылық зонаның агроклиматтық ресурстарын  ескеретін, ғылыми негізделген модель параметрлері бойынша жүргізу қажет.

Өзін-өзі тексеру сүрақтары

  1. Шай жүгері астығының, көк балаусасының жэне одан дайындалған сүрлемнің мал азықтық құнарлығын сипаттау.
  2. Шай жүгеріні өсіру ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабағы, жапырақтары) жэне өнімнің қалыптасуы.
  3. Әр түрлі аймақтарда сүрлемге және астыққа өсіруін ескеріп шай жүгері сорттары мен будандарын сипаттау.
  4. Қоршаған орта факторларына (жылуға, ылғалға, топыраққа) қоятын талаптары бойьшша шай жүгерімен жүгеріге салыстыра отырып баға беру. Шай жүгеріні Қазақстанның эр түрлі аймақтарында сүрлемге жэне астыққа өсіру ерекшеліктері.

ТапсырмаЗабайкал тараны биологиялық ерекшеліктері

Забайкал тараны (горец  забайкальский растопыренный)Polygonum dirarictum Z- Биіктігі өсу аймағына  және табиғи жағдайларына байланысты 120-дан 225 см-ге дейін жетеді. А.Ф.Степанов хабарлануына қарағанда (2001)Ом МАУ тәжірибе үлескісінде (Омск,Ресей) өсімдіктер 220-240 см дейін, ал өндірістік үлескіде 120-150 см дейін жетті. Көпжылдық, жоғары өнімді өсімдік. Шөп өсімі шаруашылықта көп уақытқа дейін (8-10 жыл) пайдаланылады. Осылай РМКМ-деғі ''Зерендинский'' өндірістік үлескесі 20 га көлемімен тіршілік кезенінің 12-ші жылында құрғақ зат есебімен 92,4 ц/га өнім берді.

Забайкал таранының биологиясын көп уақыт зерттеу нәтижесінде оның өнімділігі 8 және одан да көп жылдар бойы кемімейтіндігі анықталды. А.Е.Деминаның (1986) зерттеулері арқасында забайкал таранныңы көпжылдар (8 жылдан аса) өсіру мүмкіндігі анықталды.

Подмосковьеде (А.Г.Яртиев,1970) гүлдеу кезенінің басында алғашқы 2 жылда  64 және 330 ц/га өнім алынса, келесі 6 жылда өнімділік  - 440-752 ц/га жасыл масса шегінде өзгерді.

Батыс Сібірде (А.Ф.Степанов,1996) құрғақ зат өнімділігі 74,4 ц/га. Бұл тәжірибелер 1988-1995 жылдар аралығында жүргізіліп, ондағы сүрлемдік дақыл ретінде қолданылатын жүгері өнімінен 30,8% жоғары болды.

Оның көпжылдық өнімділігінің сақталуының себебі деп, Иркутск ауылшаруашылық  академиясының зерттеушілері, оның биологиялық ерекшеліктерін айтады, әсіресе  үнемі жаңарып тұратын, тереңге кеткен тамырының ерекшелігін атаған.

Забайкал тараны - жаздық өсімдік. Тұқыммен және тамырсабақпен көбейеді. П.Ф.Медведев және А.И.Сметанникова (1981) мәліметі бойынша, плантацияларды тамыр сабақтармен отырғызуға болады. Оларды ұзындығы 8-10см етіп дайындап кең қатар (70см) әдісімен отырғызады.

Тамыр жүйесі күшті, топырақ қабаттарына терең енген, өте жуандалған. Тамырсабақ саны бір өсімдікте 7-9, тамыр жүйесінің толық дамуы 3 жылдан кейін басталады. Бірінші жылы тамыр жүйесі жер үсті бөліктеріне қарағанда қарқынды дамиды. Жақсы қыстап шығу үшін тамыр мойнында 3-4 жаңару бүршіктері және бастапқы бүршіктердің өсуі үшін пластикалық заттардың жеткілікті мөлшері болуы керек. Дамудың бұл кезенің – тамыр жүйесін қалыптастыру -  алғашқы күзгі қатқақ түскенше дейін өтіп үлгеруі тиіс.

Біздің республикамыздың солтүстігінің климат жағдайы қатқақтан кейінгі кезеннің созылып кетуі мүмкін болуымен сипатталады (20-25 күн). Бұл кезде  тамыр мойнының пластикалық заттарын жұмсау арқылы  40-60%  бүршіктер өз өсуін жаңартады. Нәтижесінде қыстауға өсімдіктер әлсіз болады да, көктемде сирек шалғын береді. Сондықтан, себу мерзімінде агроклиматтық ресурстарды ескеруі керек. Тамыр жүйесінің даму ұзақтығы 100-120 күннен кем болмауы тиіс.

Забайкал таранының түптену қуаттылығы айтарлықтай ауытқып тұрады және төменде келтірілген факторларға байланысты:

- плантация жасына;

- алғашқы өсімдік жиілігінің қалыптасы мен себу әдістеріне;

- әр жылдың су және қоректік режиміне.

Профессор А.Ф.Степанов (1996) мәліметтері бойынша, өсімдіктегі өркен саны 3...4-тен 10...12-ге дейін өзгеріп тұрды.

Өркенді қалыптастыру қарқындылығы мен өсімдік жиілігін қолайлы денгейге дейін реттеу барысында забайкал таранының әртүрлі ластағыштарға бәсекелестігі жоғарылай түседі.

Бірақ, алғашқы 2-3 жыл, тамырсабақ арқылы сабақ жиілігі қалыптасқанша, ол армшөптерден  қорғалуы  тиіс.

Фенологиялық зерттеулер бойынша бірінші жылы, әсіресе, жаздың I жартысында забайкал таранының жер үсті мүшелері баяу дамиды. Отырғызғаннан кейін 10-12 күннен соң өскендер пайда болады. 16-18 күннен соң сабақтану басталады. Шоқылы-жазықты  жерлерде гүлдену кезені тамыздың II жартысынан басталады (егер 15-17 мамырда егілсе) тіршілігінің бірінші жылының вегетациясы  аяқталуында 35-45см биіктікке жетеді.

Тамыр жүйесі жер үсті бөліктеріне қарағанда қарқынды өсіп, 70-90см тереңдікке кетеді.

Келесі жылдардағы дамуы температураның +10ºС тұрақты өтуінен басталады. Шоқылы-жазықты зоналарда өсуі 7...12 мамырға келеді. Шанақтануы қысқа мерзімге созылады – 16...24 күн және негізінен маусымның аяғы шілденің басында басталады. Гүлдену және жеміс салуы созылыңқы болады. Пісу гүлшоғырдың астынан басталады. Астынғы бөлігі мен бүйір гүлшоғырлардың пісуінің айырмашылығы 18 және одан да көп күн. Сондықтан, гүлдеу мен тұқым пісу кезені  2 айға дейін созылады. Көпжылдық деректер бойынша орташа вегетациялық кезені  120...131 күнді құрайды.

Вегетациялық кезенінің  ұзақтығы бойынша көпжылдық шөптер арасында забайкал тараның  орта пісетін түрлерге жатқызуға болады.

Забайкал тараны құрғақшылыққа төзімді. Құрғақ зат түзу үшін аз ылғал жұмсайды. Бұл қасиетті Подмосковье зерттеушілері (Г.В.Чубарова, 1974) оның тереңге кететін тамыр жүйесінің болуымен түсіндіреді. 3 және 4-ші жылы тамыр 160...180см тереңдікке кетеді.

Иркут облысындағы зерттеулер нәтижесінде (Ш.К.Хуснитдинов, Г.Г.Курявцева, 2001) забайкал таранының басқа сүрлемдік дақылдармен салыстырғанда құрғақшылыққа төзімдірек екендігі анықталды. 1м топырақ қабатындағы су жұмсау коэфинциенті забайкал таранында  241, ал  жүгеріде - 356,  күнбағыста - 412 болып табылады.

Құрғақшылыққа төзімділігіне қарамастан 60-80 ц/га құрғақ зат түзу үшін оған жақсы ылғал мөлшері қажет.  Сондықтан, агроклиматтық аудандастыру кезінде ылғал мөлшерін, топырақ құнарлығын ескерген жөн. Жер асты суларының жақын орналасуы да маңызды рөл атқарады.

100 кг жасыл масса түзу үшін азот жұмсауда жүгеріден жоғарғы, ал фосфорды 15-18% аз жұмсайды. Жылжымалы фосфор және калийі жоғары топырақтағы өскенде 100 ц/га құрғақ зат алынады. Қысқы аяздарға жақсы төзеді. А.Ф.Степанов материалдары бойынша -5-8ºС қатқақтарда тек жоғарғы бүршіктер ғана зақымдалған. Кейінгі вегетациясы бүйірлік бүршіктер арқасында жүзеге асады. Жақсы тозаңданады да жақсы тұқым өнімділігін береді.

Бақылау сұрақтары

1. Қандай биологиялық ерекшелігі жерінен арамшөптерге қарсы тұру әрекеті   жақсы дамыған?

2. Бұршақ тұқымдастардан және дәстүрлі сүрлемге пайдаланатын өсімдіктерден забайкал таранынын химиялық құрамы немен ерекшеленеді?

Майсары

     Морфологиялық сипаттамасы және аудандастырылған сорттары.Мәдени мақсары-бір жылдық өсімдік. Дақылдың тамыр жүйесі жақсы дамыған. Негізгі кіндік тамырының ұзындығы 2-3 м дейін жетеді және жанама тамырлары негізгі тамырдан 60-90 см дейінгі қашықтықта орналасады. Мақсары тамырының тереңге бойлауы, жылдамдылығы және топырақ қабатында бөліну сипаты ондағы ылғал мен қоректік заттардың орналасуымен тікелей байланысты. Дақыл топырақтың төменгі қабатынан ылғал мен қоректік заттарды қабылдай алады, сондықтан құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді.( Арыстангулов С.С., 2008 )

     Мақсары сабағы тік, цилиндр пішінді, сырты жылтыр, әрі түксіз, түсі-солғын ақшылт жасыл. Сабағының биіктігі сортына және климат жағдайына байланысты 50-100 см аралығында ауытқиды. Сабағының төменгі бөлігі жуан, ал  жоғары бөлігі жиішкеріп келеді. Сабағының төменгі бөлігінің диаметрі 3-12 см аралығында. Сортына байланысты өсімдік сабағының биіктігі де өзгереді. Мақсарыны биіктігіне қарай 3 топқа  бөледі : тапал-70 см дейін, орташа бойлы -71-90 см, ұзын бойлы-91 см жоғары.

     Мақсары жақсы бұтақтанатын өсімдік. Бұтақтануы негізгі, екінші, үшінші деңгейлік бұтақтар болып бөлінеді. Бұтақтану сортқа, өсіру жағдайына және қоректену сипатына байланысты өзгереді.

     Мақсары жапырақтары- жай, сағақсыз, жалаңаш, етті, ланцетті пішінді, сабақта бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Жапырағының шеттері тісті, түрлеріне қарай өткір  тікенді немесе тікенсіз болады. Сабақтың ортасындағы жапырақтары ірі, ал жоғарғы жағындағылардың аумағы кішірейіп, гүл шоғыры орамына айналады. Толық жетілген жапырақтары ұзындығы 9-25 см, ені 3-8 см. Бір өсімдікте 80-200 дана әртүрлі көлемді жапырақтар болады.

     Мақсары гүлшоғыры-тостағанша диаметрі 1,5-3,5 см. Гүлдері түтікті бес бөлікті күлтешелерден тұрады, түсі сары немесе қызғылт болады, оның құрамында бояғыш зат-картамин болады, жатыны бір ұялы, ұзын бағанашалы. Тозаңдануы көбінесе жәндіктер арқылы жүреді, айқас тозаңданады. Жемісі-ақ түсті тұқымша, жалаңаш, жылтыр, төрт қырлы. Бір өсімдікте 5-50 дейін тостағанша, оның әрқайсысында 25-60 дана тұқымша болады.1000 тұқымша салмағы 25-52 г аралығында ауытқиды. Қауыздылығы тұқым массасының 40-60% құрайды, қабығы қатты, панцирлі. Піскен кезде тұқымы шашылмайды, өйткені орамының ішкі жапырақшалары тығыз қабысып тұрады.

Аудандастырылған сорттары. Республиканың оңтүстігінде мақсарының  Милютинский 114, Нұрлан, Ақмай және  Центр 70 сорттары аудандастырылған. Милютинский 114 сортынан басқалары, Красноводопад селекция стансасында шығарылған, жергілікті селекция сорттары авторы- М. Қоңырбеков.

  1. Қазақстан Республикасының табиғи мал азықтық жерлері
  2. Қазақстанда егістікте мал азығын ендіру
  3. Қазақстанда өсімдік жерсіндірудің мал азықтық дақылдар айқьщцаудың маңызы
  4. Мал азығын өндіруде жаңа мал азықтық дақылдардың алатын орны
  5. Әдеттен тыс мал азықтық астық тұқымдастар. Олардың ботаникалық және морфологиялық сипаттамасы

азықтық маңызы

7 Шығыстың    ешкі    шөбі,    оның   биологиялық   жэне    морфологйялық  ерекшеліктері, мал азықтық маңызы

  1. Сосновский аю балдырғаны. Олардың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық маңызы
  2. Сүйір жапырақты сильфия. Мал азықтық маңызы. Тараған аймақтары

агротехникасы

  1. Вейрих тараны. Оның тараған аймақтары. Мал азықтық маңызы, сапасы, өсіру агротехникасы
  2. Жер нәгі және жер түйнегі. Олардың мал азықтық қасиеттері. Сапалық және өнімдік ерекшеліктері. Мал азығын дайындау технологиясы
    1. Мақсары.   Оның  биологиялық және  морфологиялық  қасиеттері.  Мал азықтық маңызы
    2. Майлы, тамыр - жемісті дақылдар мал азығына пайдат^нудың маңызы. Дайындау технологиясы.
    3. Гүлтэжі. Оның мал азықтық қасиеті. Мал азығы өндірісінде алатын орны, қелешегі
    4. Жаңа мал азықтық дақылдардан мал азығын дайындау, оның түрлері, сапасы, маңызы

Солтүстік Қазақстанда малазықтық дақылдарды жерсіндіру на http://mirrorref.ru


Похожие рефераты, которые будут Вам интерестны.

1. Реферат 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз

2. Реферат Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз