Новости

Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз

Работа добавлена:






Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз на http://mirrorref.ru

Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз.

XIX ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен жиналатын көптеген алымдар онсыз да кедей елдің жағдайын қиындатып жіберді. Оған қоса, Хиуа феодалдарының өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар қарсылық көрсетті. Сонымен қатар Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың даңқы үш жүзге тарады.

Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен қауіптеніп, ескі әдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс әскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.

Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, және т.б. белсене қатысты.

1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді.

Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны және қару-жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді.

1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы -5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте- бірте шегінуге мәжбүр етті.

Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз на http://mirrorref.ru


Похожие рефераты, которые будут Вам интерестны.

1. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз

2. Е.Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз

3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз

4. Мәңгілік Ел - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз

5. Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт- азаттық көтеріліс (мақсаты,кезеңдері және сипаты)

6. Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы

7. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы

8. 1867 ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз

9. Ж.Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз

10. Саржан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз